ір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?

Автор: admin от 19-04-2022, 23:52, посмотрело: 100

0
15.04.2022 жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың жолдауында талқыланған келелі мәселелердің бірі, ұлттық идеялогиямызды қолдау негізінде берілген тапсырмасының аясында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б. Жексенбаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел "Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?" тақырыбында өткізілді.Мақсаты: Бабаларымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибесінің тамырына мән бере отырып,әке тәрбиесінің маңызын ашу болатын.Бұл өнеге сағатымыздың төріне Шу ауданының Құрметті азаматтары,әкелер алқасының төрағасы,аналар алқасының төрайымы,мекеме басшылары мен ардагер ұстаздар қонаққа шақырылды. Атаулы іс-шараға келген қонақтар тақырып аясында өз ойларын ортаға салып,оқушыларға ұлттық құндылығымыздың тамыры тереңде жатқанын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа аманат ету - аға буынның басты міндеті,борышы екенін айтып өтті.Бағдарламаға сәйкес :" Жеті ата","Жеті ұрпақ" ұғымы түсіндіріліп, отбасындағы "Әкелер тәрбиесі - кеше,бүгін ,болашақта...қалай болмақ?" деген ойлар айтылып, ақын С.Қалиевтың "Ұлағатты сөз" бейнебаяны тыңдалды, "Әкеге бағыну- тәңірге бағыну", "Әке -асқар тау" қанатты сөздері талданды , тірек және магниттік мектеп оқушыларымен "Сырлы сахна" үйірмесінде Қ.Шұратбаеваның жетекшілігімен түсірілген "Кешірім" бейнефильмі көрсетілді. бейнефильм желісі бойынша қонақтар, оқушылар өз пікірлерін білдірд .Дөңгелек үстөл заманымыздың күрескер, ұлтжанды ақыны М.Шахановтың ойтолғауымен қорытындыланып, айтыскер ақын Н.Өмірбаевтың "Мен Қазақпын" әні әуелете шырқалып, қонақтардың рухын бір көтеріп тастады.

ір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?
ір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?
ір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?
ір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.