Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

№8 хаттамасы

Автор: admin от 13-02-2024, 04:33, посмотрело: 22

0
№8 хаттамасы
№8 хаттамасы
№8 хаттамасы
№8 хаттамасы
№8 хаттамасы

Категория: Мектеп

 

Қолөнерім алтын қазынам

Автор: admin от 12-02-2024, 22:08, посмотрело: 14

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «ДОСБОЛ LIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы бойынша «Қолөнерім алтын қазынам» атты көрме өткізілді.
«Қолөнер - алтын қазынам» атты сәндік өнер көрме өткізілді.
Көрменің негізгі мақсаты - ұлттық құндылықтарды, қол өнерді дәріптеу, салт-дәстүрді дамыту, ұлықтау және оқушылар арасында қолөнерді, бейнелеу шеберлік өнерді түрлерін насихаттау болып табылады. Ұлттық қолөнер – атадан балаға жалғасқан рухани мол мұрамыз. Оны дамытып, дәріптей білсек – рухани жаңғыруда қол жеткізген табысымыз болмақ.Оқушылардың қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім алуға, еңбек етуге үйрету қажет. Осы орайда қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, оған мектеп оқушыларын баули отырып, шеберлігін дамытудың маңызы ерекше. Халқымыздың тұрмыста жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, моншақпен әрлеу, бисермен жұмыс сияқты қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. #Біртұтас_тәрбие@oqu_agartu_ministirligi
Қолөнерім алтын қазынам
Қолөнерім алтын қазынам

Категория: Мектеп

 

Бақыт деген

Автор: admin от 9-02-2024, 22:05, посмотрело: 12

0 М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде, 9- ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтті. Қазақ өлеңінің мұзбалағы атанған ақиық ақынның атындағы мектебімізде бүгін той. Таңертеңгілікті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары ұйымдастырып, Б.Құсайынова мен Д.Джилкибаева ақынның сөзіне жазылған "Бақыт деген" әнімен ашты. Ән соңынан бұрала билеген бишілер көрермен көзайымына айналды. Үлкен экраннан ақын жайлы деректер оқушылар назарына ұсынылды. 10,8,7 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін алма кезек, нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Б. Мансұрұлы " Есіңе мені алғайсың” әнін орындап көрерменді бір толқытты. Оқушылар өздері дайындап келген өнерлерімен бөлісіп, таңертеңгіліктің көркін кіргізді. Ақын жайлы естеліктер күні бойы экраннан көрсетіліп отырды.
Бақыт деген
Бақыт деген

Категория: Мектеп

 

Ақиық ақын

Автор: admin от 9-02-2024, 22:03, посмотрело: 15

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 6"Б" сынып оқушылары Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жылға толуына орай оқушылар ақынның шығармашылығын дәріптеп,өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Өздерінің шығарған өлеңдерін оқып,ақын шығармаларының мазмұнына терең бойлай отырып, тақырыбына сурет салды.
Ақиық ақын

Категория: Мектеп

 

9-10сынып оқушыларымен мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында

Автор: admin от 9-02-2024, 22:00, посмотрело: 13

0 Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта (Ро) мектебінде 9-10сынып оқушыларымен мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында
Шу ауданының Төле би ауылы 19 ӨСБ-нің қарауыл бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекибаев Жандос Рахимбердиевич және аға лейтенанты Каденов Нұрбол Сапарғалұлымен кездесу өтті.
Бекибаев Жандос Рахимбердиевич Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқуға түсу шарттарымен таныстырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесуден оқушылар өздеріне қажетті мәліметтер жинақтады.
9-10сынып оқушыларымен мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында
9-10сынып оқушыларымен мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында

Категория: Мектеп

 

Мен үшін баға жетпес құндылық

Автор: admin от 9-02-2024, 21:58, посмотрело: 13

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде 8-10 сынып оқушыларымен "Мен үшін баға жетпес құндылық".
Мақсаты: жағымды қарым -қатынас орнату, жоғарғы көңіл күй сыйлау.
Тренинг барысында: оқушылармен "Салемдесу", "Автопортрет", "Сиқырлы қобдиша", "Комплимент" ойындар жаттығулар өткізілді.
Өткізілген күні: 07-09.02.2024
#Жамбыл_психологиял айлық_2024
Мен үшін баға жетпес құндылық
Мен үшін баға жетпес құндылық

Категория: Мектеп

 

Әлемді жақсы жақа өзгерту үшін не жасауға болады

Автор: admin от 9-02-2024, 21:56, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде 3-4 сынып оқушыларынан "Менің көңіл күйімді не жақсартады", 5-7 сыныптардан "Әлемді жақсы жақа өзгерту үшін не жасауға болады", 8-10 сыныптардан"Мен үшін жанашыр адам ол" тақырыптарында оқушыларынан эссе алынды.
Мақсаты: оқушылардың ұшқыр ойын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Өткізілген күні: 05-06.24
#Жамбыл_психологиял айлық_2024
Әлемді жақсы жақа өзгерту үшін не жасауға болады
Әлемді жақсы жақа өзгерту үшін не жасауға болады

Категория: Мектеп

 

Адалдық-адамдықтың белгісі

Автор: admin от 9-02-2024, 21:54, посмотрело: 14

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024жылдың 7-ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9"Б" сынып оқушылары және сынып жетекшісі Таурбекова Ғалияның ұйымдастыруымен "Адалдық-адамдықтың белгісі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаттың мақсаты:
Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру;олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Адалдық пен шындықтың адами қарым қатынастағы мәнін түсіндіру Адалдық, шынайылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.Тәрбие сағатында оқушылар көптеген ұлы-ойшылдарымыздың сөздерін, мақал-мәтелдерін айтты."Адал бала","Шыншыл бала" атты көріністер көрсетілді.Көрермендерде өз ойларын айтып,тәрбие сағат жоғары деңгейде өтті.Тәрбие сағаттың соңында,мектеп мұғалімдеріне және директордың эксперимент жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаеваға сөз кезегі берілді.Магниттік мектептің оқушылары да өздерінің тілектерін білдірді.
Адалдық-адамдықтың белгісі
Адалдық-адамдықтың белгісі

Категория: Мектеп

 

ДОСБОЛ LIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Автор: admin от 7-02-2024, 21:52, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «ДОСБОЛ LIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы бойынша «Дойбы» ойыны өткізілді.
Дойбы ойынының ережелерін түсіндіру. Жүрістің тиімді тәсілдерін көрсету. Сабақ барысында оқушыларға Дойбы ойынының ережелері толық түсіндірілді.Бұл ойынның логиканы дамытуға жақсы септігін тигізетінін айтып өтті. Дойбы ойыны кезінде тиімді тактиклық жүрістерді жақсы көрсетіп, түсіндіріп берді.Оқушыларға жалпы дене жаттығуларын орындатты.Сабақ қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Есептеуге,тапқырлыққа,тез шешім қабылдауға үйрету,ой өрісін дамыту. Жинақылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу,спорт түрінің бірі дойбыны игерту,ұлттық құндылықты құрметтеу сезімін тудыру.Дойбы – бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Ежелгі болатын себебі, ойынға арналған құралдар сонау ерте заманда Мысыр пен Русьтегі Киев аймақтарындағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Сонымен бірге ежелгі болатын себебі, қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таратылу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін тапқан жоқ – олар ғасырлар қойнауында жасырын жатыр. Оқушылар белсене қатысты. #Біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministirligi
ДОСБОЛ LIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Категория: Мектеп

 

ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Автор: admin от 7-02-2024, 21:51, посмотрело: 14

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН” акциясы бойынша. "Тоғызқұмалақ” өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау. Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Бәсеке арнайы тақтада екі адам арасында өтеді. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.Көне түркілер мен моңғолдар киелі саналған тоғыз санының негізінде өрбитін ойын манкала (екі адам ойнайтын тақта ойыны) тобына жатады. Математикалық ойлау жүйесін дамытып, төзімділікке баулиды.Тоғызқұмалақ-шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, салқын қандылықты , терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты. Күрделілігі жағынан тоғызқұмалақ аталған ойындардан кем соқпайды. Тоғызқұмлақтың басқа есеп ойындарынан бір ерекшелігі бұл-өте нәтижелі ойын: тең ойын сирек кездеседі. Оқушылар белсене қатысты.
#Біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministirligi
ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН
ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Категория: Мектеп