ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулыған жөн. Біртұтас тәрбие бағдарламасы – ұлттық құндылықтар негізі. Тәрбие мен білім беру жүйесіндегі бірлескен жұмыстар, яғни тек тәрбие саласында ғана емес, білім процесінде де нәтиже берді. Алдымызда отырған жас ұрпақты тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор. Ал біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналғаны сөзсіз. Ұрпақты тәрбиелеуде баланы құндылықтарға ерте бастан баулу оның отбасынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген жұмыстарына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен қоғам тығыз байланыста болуы шартты нәрсе.
#біртұтастәрбиебағдарламасы
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert





























